• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Астанада "Елбасы медалі" жобасының қатысушылары марапатталды

    02.12.22 11:28 194
    here is a new's image

    Бүгін елордалық Оқушылар сарайында "Елбасы медалі" Ұлттық мотивациялық жобасының 200-ден астам қатысушысын марапаттау рәсімі өтті.

    Жоба жас қазақстандықтарға жеті өзекті бағыт бойынша дамуға мүмкіндік береді. Қатысушылар болашақ дағдыларды игеріп, мақсат қоюды, уақытын ақылмен басқаруды үйренеді. Тек 2022 жылдың өзінде 1796 қатысушы жобаны сәтті аяқтап, медаль иегерлері атанды. Оның 1262-сі қола, 452-сі күміс және 82-сі алтын медаль иегерлері. 

    - Біз жоба қатысушыларының жетістіктеріне қуаныштымыз. Балалардың қалай өсіп келе жатқанын, ынталы, тәртіпті, мақсатты болатынын байқап отырмыз. Бұл қасиеттер – жастардың бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Жобаның ауқымы жыл сайын артып, талантты және мүдделі жастар қауымдастығы қалыптасып келеді. Бұл бізді одан әрі дамуға шабыттандырады, - деді "Елбасы Академиясы" КҚ директоры Асланбек Әмрин.

    2019 жылдан бастап "Елбасы медалі" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады. "Елбасы медалі" жобасының бірегейлігі бірнеше маңызды аспектілерді қамтыған:

    • Жастардың патриотизмін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу. Үш жыл ішінде 9355 қазақстандық медаль алды. 
    • ҚР жоғары оқу орындарына түскен кезде грант алу мүмкіндігі. Осы уақытқа дейін 1928 медаль иегерлеріне білім беру гранттары берілді.
    • Ауыл жастарын өзін-өзі дамытуға тарту. 9355 медаль иегерлерінің 30 % - дан астамы ауыл мектептерінің түлектері.

    Қатысушылар "Елбасы медалі" бағдарламасының түрлі бағыттарының арқасында Отаны туралы көптеген ақпаратты біліп, қайырымдылықтың құндылығын сезініп, өздерін еріктілер рөлінде сынап көргенін атап өтті. Жас азаматтар спорт бағыты бойынша қызығушылығы оянып, ынтасы артты, болашақта спорт түрімен айналысуды әдетке айналдыруды көздеп отыр. Ең бастысы – жобаға  қатысудың арқасында жас қазақстандықтар XXI ғасырдың негізгі дағдыларын меңгеріп, әрі қарай өздерінің оқу және еңбек жолында осы дағдыларды дұрыс қолдана алатынына сенеміз. 

     

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube