• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    2022 жылдың 6-7 желтоқсанында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинары өтеді

    29.11.22 11:19 231
    here is a new's image

    Форумға қатысатындар:

    • балалардың қабілеті мен дарындылығы психологиясы саласындағы қазақстандық сарапшылар;
    • Еуропалық дарынды және дарынды адамдарды қолдау желісінің Венгриялық дарындар орталығы директоры, ECHA өкілі, Еуропалық Кеңес хатшысы Csilla Fuszek;
    • Қазақстан психологтары қауымдастығының өкілдері;
    • дарынды балаларды зерттеу бойынша жетекші қазақстандық маман, профессор Сатова Ақмарал Құлмағанбетқызы;
    • білім басқармалары өкілдері;
    • «Дарын» өңірлік орталықтары басшылары;
    • «Qabilet» өңірлік қызмет психологтары;
    • мектеп психологтары.

    Форумның мақсаты - балалардың қабілеті мен дарындылығы психологиясы саласында отандық зерттеушілерді тарту. Конференцияда балалардың қабілеті мен дарынын анықтауға, қолдауға және дамытуға байланысты заманауи сын-қатерлер, психологиялық-педагогикалық құралдар жүйесі талқыланады. Сарапшылар балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 

    «Qabilet» жобасының қызметкерлері ғылыми-қолданбалы жобаларын ұсынады, қабілеттер мен дарындылық психологиясы саласындағы мамандардың практикалық тәжірибесімен бөліседі. Форум аясында Qabilet орталығының әдістемелік авторлары, жаттықтырушылары ҚР өңірлерінен келген мектеп психологтары үшін тақырыптық тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

    - «Qabilet» - біздің негізгі жобаларымыздың бірі, оның айналасында барлық басқа бастамалар мен жобалар жүзеге асады. Қазірдің өзінде біз жобаның балаларға қалай көмектесетінін, олардың күшті жақтарын, дағдыларын анықтауға, әрбір ата-ана баласының жеке даму картасын алуға мүмкіндік беріп отырғанын көріп отырмыз. Қол жеткен жетістіктер мен нәтижелердің аз емес екенін, енді оны мамандармен бөлісіп, мәселелерді талқылау үшін форумды өткізуге бел будық.  

    Форум дәстүрге айналып, өз аясын кеңейтетініне, ортаға ой-пікірін жүйелеп айтатын спикерлерді, қатысушыларды тартатынына және балалардың психологиясысына үңіліп, олардың дарынын диагностикалау саласындағы мамандар үшін маңызды алаңға айналады деп сенемін, - деді «Елбасы Академиясы» КҚ директоры Асланбек Әмрин. 

    2021 жылдан бастап «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының бастамасымен балалар мен оқушылардың зияткерлігін, жеке әлеуетін қолдауға және дамытуға бағытталған «Qabilet» қызметінің инновациялық әлеуметтік-психологиялық жобасы іске асырылып жатыр. Осы уақыт ішінде 150 мыңнан астам бала «Qabilet» қызметінің арқасында диагностикадан өтіп, өз дарындарын анықтады.

    Форум Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13 (Astana Hub) мекенжайы бойынша С4.6 ғимаратында офлайн форматта өтеді.

     

    Қосымша ақпарат алу үшін press@elumiti.kz, info@elbasyacademy.kz  + 77022146964 Әсел Кисаеваға хабарласыңыз.

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube