• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    «Тәуелсіздік дәуірі» Ұлттық олимпиада финалистерінің есімдері жарияланды

    15.11.22 20:16 549
    here is a new's image

     

    Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен Қазақстанның жаңа тарихындағы «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Іріктеу кезеңінің нәтижелері төмендегі кестеде  жарияланды.

    Олимпиаданың I кезеңіне 1400-ден астам бала қатысты. «Тәуелсіздік дәуірі» 42 900 рет ойналды, оның ішінде 21 618 ойын жеңіспен аяқталды. 

    1 желтоқсанда үздік 20 ойыншы Астанада өтетін финалға қатысуға мүмкіндік алды. Финалистер «Тәуелсіздік дәуірі» ойынының үстел үстіндегі нұсқасын ойнайтын 5 командаға бөлінеді. Ең көп ұпай жинап, лайықты сыйлықтарға ие болу үшін қатысушыларға 3 сағат уақыт беріледі! 

    «Бәріне сәлем! Жоба өте керемет! Ұйымдастырушыларға респект! Осы ойынды ойнау барысында өзімді шынымен де, бірер сәт Мемлекет басшысы секілді сезіндім. Тұтастай бір елдің даму стратегиясын айқындау, әрине оңай еместігіне тағы да көзім жетті. Әзірге, ойыннан кемшіліктер байқағаным жоқ. Егер болып жатса, жобаны әрі қарай дамыту бойынша ұсынысымды жеткізуге тырысамын» - деді Олимпиада қатысушысы  Азамат Жүсіпқалиев.

    Қатысушылар ойын арқылы мемлекет тарихының әлеміне саяхат жасап, 1991-2019 жылдар аралығында мемлекетіміздің қалыптасу тарихы бойынша өз білімдерін машықтандыра алды.

    Қазақстанның жаңа тарихындағы «Тәуелсіздік дәуірі» ұлттық олимпиадасын геймификацияны қолдана отырып, онлайн түрде өткізу - Қазақстандағы алғашқы тәжірибе. 

    Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз бізге әлеуметтік желіде жаза аласыз: @kzgame.kz, @elbasyacademy немесе 8-800-080-48-48 телефон нөміріне хабарласыңыз.

     

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube