• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Астана қаласында "Жоғары білім саласындағы зерттеулер мен жобалар" атты кездесу өтті

    22.10.22 14:51 311
    here is a new's image

    «Елбасы Академиясы» КҚ-мен Британдық Кеңес бірлесіп 2022 жылғы 20 қазанда Астанада  жоғары білім саласындағы зерттеулер мен жобалар бойынша халықаралық сарапшылармен "Жоғары білім саласындағы зерттеулер мен жобалар" тақырыбындағы кездесу ұйымдастырды. 

    Қатысушылар соңғы зерттеулерімен бөлісіп, жоғары білім беру тақырыбының өзекті мәселелерін және халықаралықтандыру трендтерін талқылады.  

    Кездесуге Қазақстандағы British Council кеңсесінің директоры Эрик Лоури, сондай-ақ Қазақстанға ағымдағы жағдайды және Қазақстандағы білім беру, мәдени жобалар қызметінің одан әрі стратегиясын зерделеу мақсатында келген British Council өңірлік директоры Джоанна Бурке қатысты.

    Эрик Лоури: «Әдеттегідей, идеялармен бөлісу жақсы сезім сыйлайды. Көзқарастың әртүрлілігі проблемаларға деген көзқарасты дамытуға және кеңейтуге көмектеседі. Бүгінгі кездесу өте қызықты болды. Менің ойымша, бізде ұжымдық ойлауды алға жылжытатын білім беру мамандарының жаңа білім беру платформасы бар». 

    Трансұлттық білім беру үрдісінен басқа, кездесуде Қазақстандағы жоғары білімге қол жеткізудің өзекті мәселелерінің бірі талқыланды. «Адами капиталды дамыту – мемлекет пен қоғамның басты міндеті екенін бәріміз түсінеміз. Бүгін балалық шаққа салған инвестициямыз ертең қазақстандықтардың экономикалық өсуі мен өмір сүру сапасын арттырады», - деді  «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова. 

    Спикерлер арасында Nazarbayev University профессоры Дуйшон Шаматов баяндамасында ауылдық жердегі жастардың Қазақстанның және шетелдің үздік университеттерінде білім алу  мүмкіндіктері туралы айтты. Өз кезегінде, Nazarbayev University жоғары білім беру мектебі факультетінің  деканы Аида Сағитаева жоғары білім беру сапасына және жоғары оқу орындарын аккредиттеуге назар аударып, бұл тақырыпты сарапшылар келесі кездесулер шеңберінде қарауы тиіс екенін атап өтті. Бұл идеяны «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік Қорының Басқарушы директоры София Айсағалиева да қолдап, Қордың білім беру саласындағы зерттеу жұмыстарына да көңіл бөлінетінін атап өтті. 

    «БҰҰ-әйелдер» құрылымының талдаушысы Динара Құсайынова биыл Қазақстан білім берудің жалпы деңгейі бойынша әйелдер мен ерлер арасында теңдікке қол жеткізгені туралы жаңалығымен бөлісті. Ал жаһандық гендерлік алшақтық индексінің әлемдік рейтингінде «Білім деңгейі» көрсеткіші бойынша әлемнің 146 елі арасында 27-ші орынды иеленді. 

    British Council білім беру және әлеуметтік бағдарламаларының жетекшісі Надежда Трубова білім беруді халықаралықтандыру мәселелерінде Going Global Partnerships бағдарламасы шеңберінде 2023 жылғы жоспарында Ұлыбритания мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын ауқымды түрде зерделеуге аса назар аударылатыны туралы айтты. 

    Білім беруге ден қою тақырыбына ерекше назар аударылды. «Елбасы Академиясы» КҚ зерттеу жобаларының үйлестірушісі Әлия Сәрсекеева Қазақстандағы жоғары білім саласында  жалақының өсуі, сондай-ақ өмір сүру сапасын субъективті бағалаудың жақсаруы сияқты артықшылықтары туралы соңғы зерттеулерді ұсынды. 

    Кездесуге Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының басшылығы, қазақстандық қоғамдық даму институтының, ақпараттық-талдау орталығының өкілдері, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар және басқа да сарапшылар қатысты. 

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube