• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Жаттықтырушыларға арналған тренинг: Smart Ustaz жобасы педагогтар арасында байқау жариялады

    14.09.22 19:02 472
    here is a new's image

    Білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтары арасындағы республикалық тренинг 2022 жылы 26-28 қазан аралығында елордада өтеді. «Жаттықтырушыларға арналған тренинг» деп аталатын байқау тренингтік дағдыларды оқытуға бағытталған.

    Тренингке қатысу үшін мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтары арасында жалпы республикалық байқау жарияланды. Жеңімпаздар Smart Ustaz жобасының сертификатталған жаттықтырушысы мәртебесіне ие болады. Сонымен қатар еліміздің жетекші жаттықтырушаларымен және коучтарымен «Тиімді ойлау және когнитивті икемділік дағдылары» атты арнайы бағдарламасын оқуға мүмкіндік алады. Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар XXI ғасырдың инновациялық білімдері мен әдістемелерін оқушылары мен әріптестеріне үйрете алады.

    Байқауға қатысу үшін https://smartustaz.kz/  сайтына тіркеліп, 2022 жылдың 10 қазанына дейін өтінімдерді жіберу керек. Үздік 20 қатысушы елордада оқуға, тегін жол жүруге және тұруға грант беріледі. Байқауға қатысу шарттары мен іс-шара туралы толық ақпарат сайтта жарияланған. 

    Smart Ustaz – бұл арнайы онлайн-платформа арқылы педагогтердің кәсіби және сабақтас құзыреттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру жобасы. Арнайы механизм қатысушыларға жеке білім алуға және даму барысын бақылауға мүмкіндік береді. Smart Ustaz жобасы – XXI ғасыр педагогы үшін инновациялық білімді, стандарттарды, негізгі құзыреттер мен дағдыларды қамтыған. Қазірдің өзінде кез келген мұғалімге  https://smartustaz.kz/ сайты онлайн режимде 24/7 қолжетімді. Олар курстарға тіркеліп, сайтты тегін қолдана алады. 

    Соңғы жарты жылда Smart Astana жобасының бағдарламасы бойынша тренингтер еліміздің бірнеше ірі өңірінде өтті. Бірнеше модуль бойынша оқытудан өткен мұғалімдер жаңа білім алу арқылы шабыттанып, жобаның соңғы кезеңін күтіп отыр.

    «Біз, мұғалімдер, біліктілікті арттыру курстарының барлық түрлерін оқып көрсек те, сыни ойлаудың әдістері мен тәсілдері, кәсіби даму мен жеке өсу туралы әлі білмейтін сияқтымыз. Бірақ олай емес. Тренингтер мен  коучтардың арқасында мен бұл ұғымдарға басқа жағынан қарай алдым. Инновациялық әдістерді сабақта ғана қолдануға болмайды. Адамдармен, ағайын-туыстармен қарым-қатынас барысында, жеке өмірде де  сыни ойлау білу керек. Тренингтен алған білім кез келген қиын жағдайларда  мұқият болуға, дәл бағалауға және дұрыс шешімін табуға көмектеседі.  Әрине, осы білім қорына ие бола отырып, студенттерге сыни ойлаудың қажетті деңгейлерін қалыптастыруға көмектесе аламын. Маған сынағаннан гөрі  талдаған жөн деген ой қатты ұнады», – деді Семей қаласының №3 ЖОББМ мұғалімі Мейрамгүл Жанаспаева.

    МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ БІРІ БОЛУ МҮМКІНДІГІНЕН ҚҰР ҚАЛМАҢЫЗ!

    Іс-шара «Smart Ustaz» (www.smartustaz.kz, @smartustaz2021) жобасы аясында өткізіледі. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «Елбасы Академиясы» КҚ ұйымдастырады. 

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube