• 8 800 080 48 48
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
    Action Another action
    Something else here
  • RU
  • KZ
  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
8 800 080 48 48

Установите наше приложение:

  • Басты бет
  • «El Úmiti» бастамасы туралы
  • Елбасы Академиясы туралы
  • Әлеуметтанушылар мектебі
  • Қатысушыларға
  • Жаңалықтар
  • FAQ
  • Байланыс
  • Пікірсайыс хартиясы
    • RU
    • KZ
    Басты бет Жаңалықтар

    Белгілі қазақстандық ғалымдар түрлі саяси институттарға арналған кітаптар топтамасын таныстырды

    06.09.22 11:07 414
    here is a new's image

    Алматыда «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры шығарған кітаптар топтамасының тұсаукесері өтті. 

    Кітап авторлары қазақстандық белгілі ғалымдар мен сарапшылар: ХӘСИ директоры, әлеуметтанушы Андрей Хан, саясаттанушылар, қоғамдық-саяси процестерді талдау бойынша танымал сарапшылар Андрей Чеботарев, Марат Шибутов, Айман Жүсіпова, этносаясаткер Нұртай Мұстафаев, сондай-ақ дипломат Рүстем Құрманғожин. Кітаптар ғылыми-көпшілік стильде жазылған және саяси модернизация, сыртқы саясат, президенттік институт, атқарушы және өкілді билік тармақтары сияқты мемлекеттік басқару салаларын қамтиды.

    Марат Шибутов: «Оқырман үшін кітаптардағы басты құндылық - сыртқы саясат қалай қалыптасатынын, Үкімет пен Парламент қалай жұмыс істейтінін көрсету арқылы жалпы жұмыс механизммен таныстырамыз.  Олардың қазіргі уақытта қалай жұмыс істейтінін айтып қана қоймай, сонымен қатар бүгінгі нәтиженің қандай факторлар мен шешімдердің арқасында келгенін көрсетеміз. Біз университет беретін әдеттегі курсты бір арнаға тоғыстырдық. Яғни оқырман кітапты оқу арқылы барлығы қалай жұмыс істейтінін түсінеді. Кітаптар топтамасы мәслихат пен әкімдіктің қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік береді, бұл сізге баланы мектепке орналастырудан бастап аулада спорт алаңын ұйымдастыруға дейін көмектеседі». 

    Іс-шараға әлеуметтану, саясаттану, экономика және басқа да ғылым саласындағы  танымал қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ ғалымдардың жұмысына өз пікірлері мен рецензияларын білдірген студенттер мен жас зерттеушілер қатысты. ХӘСИ  жанындағы Жас сарапшылар мектебінің тыңдаушысы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас оқытушысы Айнұр Бақытжанова «Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы барлық студенттердің сүйікті кітабына айналатыны маңызды. Әлеуметтанушы ретінде студенттерге осындай тәжірибемен бөліскен басылымдардың қаншалықты құнды екенін білемін», - деп атап өтті.

    «Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры – ғылыми, талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуге маманданған ұйым. Кітаптар топтамасын жариялау «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылды. 

    «Білім беру және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыратын ұйым ретінде біз авторлардың ғылыми еңбектерін қолдадық. Кітаптар топтамасы басқа зерттеушілердің жаңа еңбектері үшін жақсы дерек көзі болатыны анық. Шын мәнінде, бұл кітаптарда көптеген пайдалы және қолданбалы ақпарат жинақталған. Кітаптар тек ғалымдар ортасында ғана емес, саясатқа, мемлекеттік басқаруға қызығушылық танытатын азаматтарымызға да қызықты болады деп сенемін», - деді Асланбек Амрин. 

    Тұсаукесерден кейін авторлар жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, кітаптарға қолтаңба қалдырды. Материалдардың бұл топтамасы 30-ға жуық қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына, ғылыми-зерттеу институттарына, кітапханаларға беріледі, сондай-ақ жалпыға қолжетімді платформаларда электронды түрде басып ала алады. 

    Алдыңғы жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу

    Келесі жаңалық

    Елбасы медальдары жас қазақстандықтарға табыс етілді

    Оқу
    • Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)
    • Байланыс
    © 2023 Елбасы Академиясы. Барлық құқықтар қорғалған
    • Instagram
    • Facebook
    • YouTube