Елбасы Академиясы 2 мыңға жуық оқушыны тегін оқытады
12 ақпан 2021

Елбасы Академиясы 2 мыңға жуық оқушыны тегін оқытады

Шалғай өңірлердің екі мыңға жуық дарынды оқушысы Birge Oqý жобасы аясында еліміздің жетекші педагогтарынан білім алуда. Birge Oqý онлайн-мектебі - «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ең танымал және сұранысқа ие жобалардың бірі.

Академияның басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жоба қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім беру теңсіздігін қысқартуға бағытталған.

Онлайн мектепте алтыншы және жетінші сынып оқушылары оқи алады, өйткені дәл осы кезеңде олардың пәндік білімге белсенділігі артады. Айта кету керек, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар жоба аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді.

«Өткен жылдың сәуір айында біз онлайн-оқытуды қалай жүргізу керектігі туралы үлкен талдау жұмыстарын жүргіздік. Ол барлық оқушылар қашықтан білім алуға мәжбүр болып, қиындықтарға тап болған кезең болатын. Мұғалімдер, балалар мен ата–аналардвң басым бөлігі білім алу процесінің бір сәтте өзгеріске ұшырауына дайын болмай шықты.  Біз қашықтан оқыту сапасы тақырыбында 100-ден астам тікелей эфир өткіздік, нәтижелерді талдадық, барлық тілектерді ескердік және онлайн - мектеп құрдық», - деді Әнуар Жанғозин.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-мектепте оқыту тегін жүргізіледі.  Сабақты еліміздің жетекші педагогтары - НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер мен халықаралық мектептердің 70-тен астам оқытушысы өткізеді. Жоба іске қосылған сәттен бастап математика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша 40 мыңнан астам сағат оқыту өткізілді. Мектепте сондай-ақ, тьюторлардың қызметі де қарастырылған. Олар оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылайтын, түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізетін консультанттардың рөлін атқарады.

Басқа жаңалықтар
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
WhatsApp