Елбасының қола медалінің алғашқы мың иегерінің есімдері анықталды
10 желтоқсан 2020

Елбасының қола медалінің алғашқы мың иегерінің есімдері анықталды

Кеше, 2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.

Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Жалпы, "Елбасы медалі" бағдарламасы 2020 жылы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.

Басқа жаңалықтар
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу