Дәстүрлі оқытудан көшбасшылыққа: Астанада педагогтерге арналған тренинг аяқталды
28 сәуір 2025

Дәстүрлі оқытудан көшбасшылыққа: Астанада педагогтерге арналған тренинг аяқталды

24–25 сәуір күндері Астанада Smart Ustaz жобасының ұйымдастыруымен көктемнің маңызды білім беру шараларының бірі — тренерлерге арналған тренинг өтті. Іс-шара ұстаздарға үйреншікті оқыту тәсілдерінен жаңашыл әдістерге көшуге мүмкіндік беріп, мектеп пен өңір деңгейінде оң өзгерістерге бастамашы болуға жол ашты.
Smart Ustaz білім беру жобасы аясында ұйымдастырылған бұл тренинг биыл үшінші рет өтті. Бұған дейін 100-ден астам ұстаз арнайы оқудан өтіп, сертификат алған болса, биылғы бағдарламаға еліміздің түрлі аймақтарынан 40-қа жуық педагог қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — мұғалімдердің кәсіби рөлін кеңейтіп, оларды көшбасшы және жаңашыл ментор ретінде қалыптастыру. «Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімнен тек білім беруді ғана емес, көшбасшылық қасиеттерді де талап етеді. Бұл тренинг — шәкірттері мен әріптестерін шабыттандырып, оқу процесін тиімді ұйымдастыра алатын, жаңашылдықты енгізе білетін ұстаздарды дайындауға арналған алаң», — деді Smart Ustaz жобасының жетекшісі Алина Хаматдинова.


Екі күнге созылған тренинг барысында қатысушылар әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту, сыни ойлау, оқушылардың әлеуетін ашу және тиімді коммуникация бойынша білімдерін жетілдірді. Бағдарлама стресс жағдайында өзін-өзі басқару, эмпатияны қалыптастыру, ақпаратты талдау, шешім қабылдау, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып жеке даму жоспарын жасау және топтық жұмыста тиімді байланыс орнату сияқты бағыттарды қамтыды.
Қатысушылар тренингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, алған әсерлерімен бөлісті. Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры Гаухар Құдайбергенова тренинг туралы: «Бұл тренинг мен үшін ұстаз болудан бұрын, жеке тұлға ретінде дамудың маңызын көрсетті. Біз мұнда бір-бірімізбен еркін қарым-қатынас орнатып, дәстүрлі оқытудан алшақтап, оқушының ішкі қалауын ескеруді үйрендік. Нағыз жаңашыл ұстаз болуға бір қадам жақындадық деп ойлаймын», — деп пікір білдірді.
Smart Ustaz — педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған, мұғалімдердің заман талабына сай икемді дағдыларын дамытуға көмектесетін білім беру жобасы. Бүгінгі күнге дейін 6500-ден астам мұғалім осы платформа арқылы біліктілігін арттырды.  Қатысушыларға берілген сертификаттар ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен біліктілік құжаты ретінде есепке алынады.

 

Басқа жаңалықтар
20/05/2025
Астанада II Халықаралық психологтар форумы өтеді
Көбірек оқу
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
WhatsApp