MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
22 сәуір 2025

MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады

2025 жылғы 19 сәуір күні Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің (MNU) мәжіліс залында дәстүрлі MNU Model United Nations 2025 конференциясы сәтті өтті. Аталған шараны El Umiti корпоративтік қоры ұйымдастырды. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген белсенді студенттер, жас көшбасшылар мен сарапшылар қатысты.
БҰҰ жұмысының ағартушылық симуляциясы саналатын бұл конференцияда қатысушылар түрлі елдердің делегаттары рөлін сомдап, жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылады. Биылғы конференцияның басты тақырыбы – «Дағдарыстағы жаһандық альянстар: бөлшектелген әлемдегі сенімді қалпына келтіру» болды.
Қатысушылар халықаралық аренадағы өзекті түйткілдерге – Дональд Трамптың Ақ үйге қайта оралуы, Батыс елдері арасындағы келіспеушіліктер, экономикалық протекционизмнің белең алуы және халықаралық институттарға деген сенімнің әлсіреуіне қатысты пікір алмасып, балама шешімдер ұсынды. БҰҰ-ның бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөліне баса назар аударылды.
Конференция аясында бес комитет жұмыс істеді:
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
- Адам құқықтары жөніндегі Кеңес
- Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік Конвенциясы (FCCC)
- БҰҰ-Әйелдер құрылымы
- БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС)
Әр комитетте студенттер позициялық баяндамалар жасап, қарар жобаларын дайындап, пікірталас алаңында өз ойларын ашық жеткізді. Конференция соңында үздік делегаттар ссертификаттармен марапатталды.
Қатысушылардың бірі өз әсерімен бөлісті:
«Бұл конференция менің дипломатиялық қабілетімді шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Біз шынайы халықаралық дағдарыстарды талқыладық, және әлемдік деңгейдегі шешімдер қабылдауға қатысқандай болдық. Осындай тәжірибе мен үшін өте құнды», — деді ол.
MNU Model United Nations 2025 конференциясы жастардың халықаралық саясатқа деген қызығушылығын арттырып, олардың көшбасшылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 

Басқа жаңалықтар
28/04/2025
Дәстүрлі оқытудан көшбасшылыққа: Астанада педагогтерге арналған тренинг аяқталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
WhatsApp