Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
21 сәуір 2025

Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды

Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
«Өзгеміз, бірақ біргеміз!» — дәл осындай атаумен El Umiti қоры Қазақстанның 14–17 жас аралығындағы жастарына арналған ерекше республикалық рэп-байқауды іске қосты.
Бұл байқау — жай ғана музыкалық сайыс емес. Бұл — жастардың өз ойын ашық жеткізуге, көзқарасын білдіруге, елге өз үнімен әсер етуге берілген үлкен мүмкіндік. Байқау Қазақстанның көп ұлтты, алуан мәдениетті жастарының өзара түсінісіп, шабыттана алатынын көрсетуді мақсат етеді.


Байқау уақыты: 2025 жылдың 16 сәуірі мен 14 мамыры аралығы
Қатысушылар: 14–17 жас аралығындағы барлық жасөспірімдер
Қатысу тегін
Өтінім беру: contests.elumiti.kz 
Қатысу үшін не істеу керек?
– Авторлық рэп мәтін жазу
– 3 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру
– Instagram, TikTok немесе YouTube желілерінің біріне жүктеу
– #Елүміті_премиясы2025 хэштегін қосу және @el_umiti.kz парақшасын белгілеу


Музыкалық сүйемелдеу ретінде домбыра, гитара, фортепиано немесе фонограмма қолдануға болады. Ең бастысы — шынайылық пен идея.
Бағалау критерийлері — ойдың тереңдігі, креатив, видеоның сапасы, ритм және жеткізу формасы. Ерекше стиль мен креативті түсірілім жоғары бағаланады.


Марапаттар:
Үздік қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, үздік жұмыстар кең аудиторияға ұсынылады.
«Өзгеміз, бірақ біргеміз!» — бұл жас ұрпақтың үні мен сахнасы. Өз сөзіңмен елге әсер еткің келсе — дәл қазір әрекет ет!
 

Басқа жаңалықтар
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
WhatsApp