✕
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
«El Umiti» қоры дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, болашақ ұрпақты қолдау мақсатында «Айтыскер» II республикалық жас ақындар арасындағы бейнероликтер байқауын жариялайды!
Байқауға қатысу тегін!
Жасың 12 мен 18 арасында болса – сен де қатыса аласың!
Мақсатымыз:
Айтыс өнерін жаңа буынға жеткізу, жас ақындардың шеберлігін шыңдау, және мемлекеттік тілді поэзия арқылы кеңінен насихаттау.
Қатысу үшін не істеу керек?
1. https://aitys.elumiti.kz/ сайтында тіркел.
2. 7 тақырыптың ішінен 2-ін таңдап, айтыс форматында 2 бейнеролик түсір.
Әрқайсы үш минуттан аспауы керек.
Катысушы бейнероликте өзінің орындаушылық шеберлігін, әдеби тіл байлығын, тақырыпты дұрыс аша білуін көрсетіп, дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре колдану, тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізеді.
Катысушы бірінші бейнероликтің басында өзін-өзі таныстыруы кажет.
3. Бейнероликтерді Instagram немесе TikTok парақшаңа #айтыскер2025 хэштегімен жүктеп, @el_umiti.kz және @aitys.elumiti белгілеп қой
немесе aitys.elumiti@gmail.com поштасына жолда (аты-жөні, өңірі, туған күнін көрсетіп).
Өткізу мерзімі: 17 сәуір – 18 мамыр, 2025 жыл
Нәтижелер: 23 мамырға дейін жарияланады
Сыйлықтар: Гран-при, жүлделі орындар мен ақшалай сыйақылар!
Тақырыптар:
- Тарихқа құрмет
- Еңбек адамы – елдің тірегі
- Отбасы - қоғамның тірегі
- Өнер мен құндылықтар
- Жасанды интеллект
- Салт пен дәстүр – саналы ұрпақ
- Спорт – денсаулық кепілі
Айтыс – аманат.
Сен де өз үніңді қос!
Толық ереже: https://aitys.elumiti.kz/