Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
26 наурыз 2025

Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды

2025 жылдың 17 ақпан мен 20 наурыз аралығында еліміздің түкпір-түкпірінен оқушылар қатысқан «Туған жерім – шағын Отаным!» атты республикалық бейнероликтер байқауы өтті. Байқауды «El Umiti» корпоративтік қоры ұйымдастырып, жас ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруды, оның табиғи, тарихи және мәдени мұрасын дәріптеуді мақсат етті. Байқауға 14-17 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін бейнероликтер арқылы көрсетті. Қатысушылар туған өлкесінің тарихын, көрікті жерлерін, ұлттық құндылықтарын ерекше стильде бейнелеп, көрермендерге өздерінің кіші Отанына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Байқаудың басты мақсаттары оқушыларды өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге ынталандыру, туған жердің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ақпарат тарату, шығармашылық және креативті ойлауды дамыту, заманауи медиа құралдарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру болды. 
Республикалық байқауға барлығы 142 бейнеролик қабылданды. Ең белсенді қатысқан өңірлер Шымкент қаласы – 34 бейнеролик, Қызылорда облысы – 17 бейнеролик, Алматы облысы – 13 бейнеролик. Қатысушылардың жұмыстары 1-3 минут аралығындағы шағын бейнероликтер форматында ұсынылды. Бейнероликтер Instagram, YouTube және TikTok әлеуметтік желілерінде #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жарияланып, қатысушылар @el_umiti.kz парақшасын белгіледі. Жұмыстарды бағалау барысында мазмұн тереңдігі, көркемдік деңгейі, креативтілігі және бейне сапасы ескерілді. Туған жерін ерекше бейнелеген үздік қатысушылар қазылар алқасы тарапынан анықталып, жүлделі орындар берілді. 1-орын Хавдалұлы Абдулғазиз – Павлодар облысы, Үшқұлын ЖББМ мектебі, 2-орын Көптлеуова Жансая – Алматы облысы, №34 орта мектеп, Победина Зере – Шығыс Қазақстан облысы, «Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі», 3-орын Алменбетова Аяжан Аманкелдиевна – Қарағанды облысы, Ғабиден Мұстафин атындағы ЖББМ, Амангелді Аяулым – Шымкент қаласы, №80 IT мектеп-лицейі, Жорабек Биболат – Ұлытау облысы, «8 гимназиясы» КММ. 
Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Ұйымдастырушылар байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға, олардың жетекшілеріне және ата-аналарына шынайы алғысын білдіреді. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! 
 

Басқа жаңалықтар
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу