«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
26 наурыз 2025

«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды

«El Umiti» қоры БҰҰ-ның Жаһандық SDSN желісінің Қазақстандағы ұлттық бөлімшесі – Sustainable Development Solutions Network (SDSN) Kazakhstan ұйымына қосылды. Бұл желі тұрақты даму бағытында жұмыс істейтін жетекші университеттерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын және қоғамдық ұйымдарды біріктіреді.


SDSN Kazakhstan-ға мүше болу бірлескен зерттеулер жүргізуге, білім беру бастамаларын дамытуға және үздік тәжірибелермен алмасуға жол ашады. «El Umiti» қоры өз қызметінде дарынды жастарды қолдауға, білім беру саласындағы теңсіздікті азайтуға және болашақ көшбасшылардың әлеуетін ашуға басымдық береді.


SDSN Kazakhstan-пен серіктестік аясында қор Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған зерттеу жобаларына, білім беру бағдарламаларына, конференциялар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған аналитикалық жұмыстарға белсенді қатысуды көздейді.


SDSN Kazakhstan 2022 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі жанынан құрылды. Ол 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен құрылған Жаһандық SDSN желісінің бөлігі болып есептеледі. Бүгінде желі Қазақстанның жетекші университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарын қамтитын 24 ұйымды біріктіреді. Оның негізгі бағыттары – білім мен серіктестікті дамыту, энергетика мен климат мәселелері, су және жер ресурстарын тиімді басқару.
«El Umiti» қорының SDSN Kazakhstan-ға қосылуы – әрбір балаға, оның әлеуметтік мәртебесі мен тұрғылықты жеріне қарамастан, сапалы білім алып, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беретін ашық әрі прогрессивті білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.


Толығырақ ақпарат:  www.sdsnkz.nu.edu.kz 
 

Басқа жаңалықтар
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу