«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
14 наурыз 2025

«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді

12 наурызда Ақтөбе облысында El Umiti қорының Қор күндері ұйымдастырылып, 150-ден астам мектеп директорлары мен меңгерушілері жиналды. Қатысушылар білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктермен танысып, мектеп басқарудағы заманауи әдістерді талқылады.  

Қор үйлестірушілері Smart Ustaz, Qabilet, Мың бала, Aitys, El Umiti Премиясы, El Umiti Talent және Тәуелсіздік дәуірі жобалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың тиімділігі мен артықшылықтарын көрсетті. Іс-шара барысында жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін енгізудің маңыздылығы талқыланды.  

Қор күндерінің маңызды оқиғаларының бірі – Тәуелсіздік дәуірі турнирі болды. Бұл сайыста білім беру ұйымдарының басшылары өздерінің тарихи білімдерін сынап, біліктіліктерін көрсетті. Сонымен қатар, ұлттық «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары мен «El Umiti Премиясы» қатысушылары тәжірибе алмасып, өз жетістіктерімен бөлісті.  

El Umiti қорының басқарушы директоры Гүлім Асгатовна іс-шараның басты бағыттарының бірі – педагогтер мен психологтарға кәсіби қолдау көрсету екенін атап өтті:  «Қор күндері аясында біз мұғалімдер мен мектеп басшыларына жаңа әдістерді енгізуге көмектесіп, білім беру саласына тың серпін беруге тырысамыз».

Осы мақсатта келесі тақырыптарда тренингтер өткізілді:  
«Білім беру ұйымының заманауи басшысының басқару дағдылары»
«Мектеп жасындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау және 4К дағдыларын дамыту»
«Суицид қаупі және қауіпсіздікті жоспарлау»

Тренингтерде сарапшылар практикалық кеңестер беріп, қатысушылармен тәжірибе алмасты.  Іс-шара Ақтөбе облысының Білім басқармасы мен 39 жалпы орта білім беру мектеп-лицейінің қолдауымен өтті. Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Кузембаева қордың білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларының маңыздылығын ерекше атап өтті.  

Қор күндерінің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. El Umiti қорының бастамалары білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақтың болашағына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
WhatsApp