«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
03 наурыз 2025

«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  

3 ақпан мен 25 ақпан аралығында Instagram әлеуметтік желісінде өткен «Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тарихи зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталды.  
Қатысушылар өз ата-бабаларының шежіресін зерттеп, оны ерекше форматта ұсынды. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8-17 жас аралығындағы 384 бала өтініш білдіріп, қойылған талаптарға сәйкес тестілеуден өткен 324 қатысушының жұмысы қабылданды.  
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:  
Бас жүлде – Оспанов Саиджан (Павлодар облысы)  
I орын – Бақытжанұлы Мухамеджан (Алматы облысы)  
II орын – Абылқаир Ақнур Аскарқызы (Жетісу облысы), Сағынбек Іңкәр Бахытқызы (Алматы қаласы)  
III орын – Бекболат Ілияс (Павлодар облысы), Еркеш Оспан Русланұлы (Қостанай облысы), Жанатова Дильназ (Алматы қаласы)  
Сондай-ақ, ерекше көзге түскен жұмыстардың авторлары Рангель Амира, Аибова Сарина, Шинторе Амина, Картошов Ефим, Марат Адина, Бекмұрат Сания қор атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.  
Байқауға белсенді қатысып, өз отбасы тарихын зерттеп, қызықты материалдар әзірлеген барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Барлық қатысушыларға электронды сертификат қарастырылған, жақын арада сілтеме жіберілетін болады.  
Qabilet әр балаға өзінің қабілетін дамытып, жаңа жетістіктерге жетуге қолдау көрсетуді жалғастырады!

Басқа жаңалықтар
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу