«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
26 ақпан 2025

«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде

Ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы биыл алтыншы рет өтуде. Осыған байланысты Қазақстанның түрлі өңірлерінде олимпиада туралы ақпараттандыру және түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып жатыр.

25 ақпанда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы №93 Абылайхан атындағы жалпы білім беретін мектепте өңірдегі 150-ден астам мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушілерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиында аталмыш жобаның ауыл мектептері үшін маңызы, дарынды балаларды қолдаудағы рөлі және білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі талқыланды.

«Бүгінде Түркістан облысы бойынша 98 мектепте 5853 оқушы 6-сыныпта білім алуда. Соңғы жылдары ауыл мектептерінің оқушылары үшін үлкен мүмкіндіктер ашылды. Соның бірі – «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы. Мұндай олимпиадалар басталғалы бері білім мекемелерінің қызметкерлері бұл мүмкіндікті жіберіп алмау үшін белсенді атсалысып келеді. Биыл облыс бойынша 2400-ден аса бала, яғни 40%-ы олимпиадаға тіркелді», – деп атап өтті Сайрам аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлнар Бермаханбетқызы Нұрданова.

Бұл – «Мың бала» олимпиадасы басталғалы бері еліміздің әр аймағында өткізіліп жатқан кездесулердің бірі. Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен педагогтарға олимпиаданың мүмкіндіктері туралы кеңірек ақпарат беріп, ауыл балаларына сапалы білім алуға жол ашуға бағытталған.

«Мың бала» олимпиадасы туралы негізгі ақпарат:
📌 Тіркелу: 10 ақпан – 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында.
📌 I-кезең: 1-10 сәуір – логикалық және кеңістіктік ойлау бойынша онлайн тестілеу.
📌 II-кезең: 28-30 сәуір – академиялық білімді бағалау бойынша тестілеу (математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытатын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану).

Бес жыл ішінде олимпиадаға 754 мыңнан астам ауыл оқушысы қатысып, 5000 жеңімпаз анықталды. 1800-ге жуық оқушы еліміздің үздік мектептеріне қабылданды. Биыл алғашқы жеңімпаздар мектепті аяқтағалы отыр.

«Мың бала» – ауыл оқушылары үшін білімге жол ашатын бірегей мүмкіндік!

 

БАҚ біз жайлы: https://13kz.kz/?p=43746 

Басқа жаңалықтар
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу
17/02/2025
«El Umiti Talent» Республикалық олимпиадасына тіркелу басталды! 
Көбірек оқу
11/02/2025
2025 жылдың 11 ақпанында Астанада ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Көбірек оқу
10/02/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауы «Qabilet» бағдарламасының қатысушылары үшін «El Umiti» қорынан!
Көбірек оқу
31/01/2025
«Қазақстан-менің көзіммен» онлайн байқауының нәтижелері жаряланды
Көбірек оқу