✕
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
2025 жылғы 25 ақпанда Петропавл қаласында «El Umiti» қоры мен Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Қызылжар дарыны» КММ бірлесіп ұйымдастырған өңірлік семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, білім беру саласындағы заманауи әдістерді талқылау және педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру.
Іс-шараға өңірдің ауылдық мектептерінің директорлары мен педагог-психологтары қатысты. Семинар барысында «El Umiti» қорының өкілдері өздерінің негізгі білім беру жобаларын таныстырып, олардың ауыл оқушыларына тигізіп жатқан әсері туралы баяндады. Сондай-ақ, 2020–2024 жылдардағы «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздарымен мотивациялық кездесу өтті. Биыл олимпиаданың алғашқы қатысушылары мектеп бітіруде, ал олардың жетістіктері – талантты балаларды қолдаудың нақты нәтижесі. Кездесу барысында жеңімпаздар өздерінің оқудағы және мансаптық жетістіктерімен бөлісіп, болашақ жоспарларын талқылады.
Семинар аясында 50 педагог-психолог XXI ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталған «4К» (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) әдістемелері бойынша тренингтен өтті. Бұл тренинг педагогтерге балалардың қабілеттерін диагностикалау және дамытуға арналған тиімді құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.
Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – «El Umiti» қоры мен «Қызылжар дарыны» КММ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы. Бұл келісім өңірдегі дарынды оқушыларды қолдау жүйесін нығайтуға және білім беру саласындағы әріптестікті дамытуға бағытталған.
Өңірлік семинар білім беру саласындағы сарапшылардың тәжірибе алмасуына, озық әдістерді енгізуге және дарынды балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге тың серпін берді.
Қорытынды бейнеролик Instagram әлеуметтік желісінде: https://www.instagram.com/reel/DGf366ZI61C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
БАҚ біз жайлы: