Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
19 ақпан 2025

Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Бұл меморандум ғылым мен білім саласындағы тікелей әрі өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, оқу және әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Құжат білім беру бағдарламаларын бірлесе жүзеге асыруды, ғылыми зерттеулер жүргізуді, мамандар арасында тәжірибе алмасуды, сондай-ақ академиялық және кәсіби орта дамуына ықпал ететін инновациялық жобаларды әзірлеу мен енгізуді көздейді.

Осы келісімге қол қою студенттер, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тағылымдамалардан өтуге, бірлескен білім беру бастамаларына қатысуға және халықаралық бағдарламаларға атсалысуға жол ашады.

ЕҰУ атынан меморандумға Ардақ Бейсенбай, Баубек Сомжүрек, Бибігүл Дүйсенбаева, Мәрзия Асылбекова және Әлия Мамбеталина қол қойып, университет пен «El Umiti» қоры» КҚ арасындағы ынтымақтастықтың табысты әрі жемісті болатынына сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
17/02/2025
«El Umiti Talent» Республикалық олимпиадасына тіркелу басталды! 
Көбірек оқу
11/02/2025
2025 жылдың 11 ақпанында Астанада ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Көбірек оқу
10/02/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауы «Qabilet» бағдарламасының қатысушылары үшін «El Umiti» қорынан!
Көбірек оқу
31/01/2025
«Қазақстан-менің көзіммен» онлайн байқауының нәтижелері жаряланды
Көбірек оқу