✕
«El Umiti Talent» Республикалық олимпиадасына тіркелу басталды!
Құрметті 7, 8, 9-сынып оқушылары! Сіздерді 17 ақпаннан 28 ақпанға дейін жалғасатын «El Umiti Talent-2025» республикалық олимпиадасына қатысуға шақырамыз! Бұл олимпиада сіздің химия және биология пәндері бойынша біліміңізді сынап, өз қабілеттеріңізді шыңдауға мүмкіндік береді.
«El Umiti Talent» – дарынды оқушыларды қолдауға және олардың қабілеттерін анықтауға бағытталған республикалық олимпиада. Ол жыл сайын екі рет онлайн форматта өтеді. Олимпиада мектеп оқушылары үшін олимпиадалық резервті қалыптастыруға және дарынды жастарға қолдау көрсетуге арналған. Жеңімпаздарды дипломдар мен бағалы сыйлықтар, «El Umiti» жазғы лагеріне тегін жолдама, болашақ жетістіктеріңізге серпін беретін ерекше тәжірибе күтеді!
Олимпиадаға қатысу үшін 17-28 ақпан аралығында тіркеліңіз!
Тіркелу үшін: https://ro.elumiti.kz/ El Umiti Talent-2025 – сіздің біліміңізді дамытып, болашаққа деген сеніміңізді нығайтатын жоба! Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!