2025 жылдың 11 ақпанында Астанада ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті.
11 ақпан 2025

2025 жылдың 11 ақпанында Астанада ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту  министрлігі «El Umiti» қоры» корпоративтік қорымен серіктестікте алтыншы жыл қатарынан 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасын ұйымдастыруда. 
2025 жылдың 11 ақпанында Астанада ауыл оқушыларының «Мың бала» ұлттық олимпиадасына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараның ашылуында «El Umiti» қорының басқарушы директоры Гулим Асгатовна Джусупова олимпиаданың маңызды мақсаттарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, Қазақстандағы 160 мыңнан астам ауыл оқушысының 60%-ын қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің директоры Нурбек Камбарбекович Аманов арнайы қатысып, мамандандырылған мектептердегі білім сапасы жайлы өз пікірін білдірді. 
«Мың бала» олимпиадасы – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтайтын және оларға қолдау көрсететін аса маңызды жобалардың бірі. Бес жыл ішінде олимпиадаға ауыл мектептерінде оқитын 754 мыңнан астам 6-сынып оқушысы қатысты. Олардың арасынан 5000-ы олимпиада жеңімпазы атанды, 1800-ге жуық оқушы дарынды балаларға  арналған мектептерге қабылданды. Биыл алғашқы жеңімпаздар мектепті аяқтайды. 6 жыл бұрын жеңімпаз атанған 121 бала бүгінде үлкен жетістіктерге жеткен. «Мың бала» олимпиадасына қатысу тегін. Биылғы «Мың бала» олимпиадасына тіркелу 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында өтеді.
Teach for Kazakhstan жобасының негізін қалаушы Гүлнара Салмен іс-шарада өз пікірін білдіріп, ауыл оқушылары мен әлеуетін дамытудағы мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтті.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. I-кезең онлайн форматта өтеді. 1 сәуір мен 10 сәуір аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында тестілеуден өту қажет. Тестілеу екі бөлімнен тұрады: логикалық ойлау, кеңістіктік ойлау. Тест 40 сұрақты қамтиды және шамамен 90 минутты алады. Тестілеуден камерасы бар ноутбук арқылы немесе интернетке қосылған веб-камерасы бар компьютерден тапсыруға болады. Сондай-ақ, қатысушылар тестілеуден өз мектептерінде немесе өңірлік «Дарын» орталықтарында өте алады. Облыстап бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың II кезеңіне өтеді. 
Олимпиаданың екінші кезеңі 28-30 сәуір аралығында өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар мынадай пәндер бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді: математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытатын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқытатын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану. Тест 100 сұрақтан тұрады және 150 минутқа созылады.
Олимпиадаға дайындалу үшін https://ro.elumiti.kz/ сайтында өткен жылдардағы тест тапсырмаларына дайындалуға мүмкіндік беретін дайындық тесттері жұмыс істейді. Апелляциялық шағым қарастырылмаған. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Дарын, БИЛ және РФММ сияқты мамандандырылған мектептерде оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады. 
 

Басқа жаңалықтар
28/02/2025
Білім беру мекемелерінің басшылары Астанада басқарудың жаңа әдістерін меңгерді
Көбірек оқу
26/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Қазақстан мектептерінде кездесулер өтуде
Көбірек оқу
26/02/2025
Петропавлда дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдауға арналған өңірлік семинар өтті
Көбірек оқу
21/02/2025
«Мың бала» олимпиадасы аясында Алматы облысының ауылдарында ақпараттық кездесулер өтті
Көбірек оқу
19/02/2025
Бүгін, 19 ақпан күні, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті (ЕҰУ) мен «El Umiti» қоры» КҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 
Көбірек оқу
17/02/2025
«El Umiti Talent» Республикалық олимпиадасына тіркелу басталды! 
Көбірек оқу
10/02/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауы «Qabilet» бағдарламасының қатысушылары үшін «El Umiti» қорынан!
Көбірек оқу
31/01/2025
«Қазақстан-менің көзіммен» онлайн байқауының нәтижелері жаряланды
Көбірек оқу
29/01/2025
«Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» видеороликтер байқауының жеңімпаздары анықталды
Көбірек оқу