Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды
12 желтоқсан 2024

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан мектептері мен колледждерінің тарих пәнінің мұғалімдері арасында өткен республикалық «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл шара кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірегей алаң ұсынды.  

Биыл төртінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан олимпиаданың негізгі мақсаты – жастар арасында тәуелсіздік тарихына қызығушылықты арттыру және мұғалімдерге қолдау көрсету. Шара барысында ұстаздар дағдыларын жетілдіріп, тәуелсіз Қазақстанның тарихына қатысты маңызды оқиғаларды зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастама мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға және білім беру әдістерін жетілдіру жолында ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті. 

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең онлайн форматта өтті және 1қ қараша мен 29 қараша аралығында https://kzgame.kz платформасында ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңінде еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан мұғалімдер өз білімдерін сынап, ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысты. Ақмола, Қостанай облысы мен Алматы қаласының қатысушылары ең жоғары нәтижелер көрсетіп, ең үздік 20 мұғалім финалға өтті. Екінші кезеңде теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. 

Финал нәтижесінде үздік үш қатысушы анықталды. Бірінші орынды Ақмола облысынан Шарипова Амина жеңіп алды. Екінші орын Алматы қаласынан Қондыбаева Гүлназға бұйырды. Үшінші орынды Жамбыл облысынан Бозымбекова Айжан иеленді. Жеңімпаздарға планшет, ноутбук және колонка түріндегі бағалы сыйлықтар табысталды. 

Олимпиаданы ұйымдастырушы – «El Umiti» корпоративтік қоры. Қор білім беру саласында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және оқушылар мен мұғалімдердің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Олимпиаданың негізгі міндеті – оқушылар мен ұстаздардың сыни ойлау қабілеті мен көшбасшылық дағдыларын дамытуға ықпал ету. 

Бұл шара еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге және жастардың тарихи санасын нығайтуға ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Болашақта осындай жобалар еліміздің білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді дамытуға және ұлттық сананы қалыптастыруға үлес қоса беретіні сөзсіз.

Басқа жаңалықтар
28/04/2025
Дәстүрлі оқытудан көшбасшылыққа: Астанада педагогтерге арналған тренинг аяқталды
Көбірек оқу
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
WhatsApp