Алматыда «ChemTalent: Химия олимпиадасы» өтті
09 желтоқсан 2024

Алматыда «ChemTalent: Химия олимпиадасы» өтті

Алматыда дәстүрлі «ChemTalent: Химия олимпиадасы» өз мәресіне жетіп, еліміздің ең үздік жас химиктері анықталды. Биылғы шараға Алматы қаласындағы мектептердің 7-8-9 сыныптарынан «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасының жартылай финалистері атанған 38 оқушы қатысты. Бұл — 33 мыңнан астам қатысушының арасынан іріктелген оқушылар. 
Олимпиада қатысушылары екі адамнан тұратын 19 командаға бөлініп, түрлі практикалық тапсырмаларды орындады. Олар химиялық тәжірибелер жасап, ғылымның нақты әлемдегі қолданысын зерттеп, командалық жұмыс пен шығармашылықтарын көрсетті.
«ChemTalent» олимпиадасы мектеп оқушылары арасында химия пәніне деген қызығушылықты арттырып, дарынды балаларды қолдауды көздейді. Олимпиада оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, халықаралық олимпиадаларға дайындық деңгейін арттыру, ғылымды насихаттау арқылы болашақ мамандардың қалыптасуына ықпал ету мақсаттарын көздейді.
Олимпиада нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі орындарға ие болды:
1-орын: Кинебаев Жанибек және Висингириева Лиора.
2-орын: Бейсенова Дина және Супиева Самира.
3-орын: Назарова Айлин және Шишкина Анна.
Жүлдегерлерді Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің оқытушылары мен «GenomiX» ЖШС өкілдерінен құрылған байқау комиссиясы анықтады. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталып, ұялы телефондар, bluetooth гарнитуралары және смарт білезіктер сияқты құнды сыйлықтарға ие болды.
«El Umiti Talent»: дарынды жастарды қолдау алаңы. Олимпиада «El Umiti Talent» республикалық жобасының аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама химия, физика, математика, информатика және ағылшын тілі пәндері бойынша дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға бағытталған. Жоба оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жаңа буынның қалыптасуына үлес қосып келеді.
«ChemTalent» олимпиадасы — жас таланттарға ғылымда үлкен қадам жасауға мүмкіндік беретін платформа. Қатысушылар теориялық білімдері мен зертханалық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, халықаралық деңгейде өздерін көрсетудің алғашқы қадамын жасады.
Бұл шара болашақ ғалымдар мен инженерлердің, химия саласындағы инновацияларды дамытуға үлес қосатын жаңа буынның қалыптасуына жол ашатыны сөзсіз.
 

Басқа жаңалықтар
28/04/2025
Дәстүрлі оқытудан көшбасшылыққа: Астанада педагогтерге арналған тренинг аяқталды
Көбірек оқу
22/04/2025
MNU Model United Nations 2025: Студенттер жаһандық дағдарыс жағдайында сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылады
Көбірек оқу
21/04/2025
Қазақстан жастарына арналған республикалық рэп-байқау басталды
Көбірек оқу
21/04/2025
Жас ақындарға арналған республикалық байқау қайта оралды!
Көбірек оқу
01/04/2025
«Үздік психолог – 2025 жылдың новаторы» республикалық онлайн кәсіби шеберлік байқауы басталды 
Көбірек оқу
26/03/2025
Туған жерім – шағын Отаным!» байқауының нәтижесі жарияланды
Көбірек оқу
26/03/2025
«El Umiti» Корпоративтік қоры SDSN Kazakhstan мүшесі атанды
Көбірек оқу
14/03/2025
«El Umiti» қоры» Корпоративтік қоры Ақтөбе облысындағы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған роуд-шоу өткізді
Көбірек оқу
03/03/2025
«Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)» байқауының жеңімпаздары анықталды  
Көбірек оқу
WhatsApp